Қымбатты оқырман!

«Алтаистика, түркология, моңғолистика» журналының басты мақсаты – түркі және алтай халықтарының тілі, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, этнографиясы, археологиясы, философиясы және басқа да салалары бойынша жоғары сапалы талдаулар мен түркологиялық зерттеулерді үнемі жариялау. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – түркі өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін бағалау, түркі мұрасының көрнекілігін арттыру, сондай-ақ түркі әлемі үшін ортақ мәдени, рухани және интеллектуалды қоғам құру болып табылады.

Ортақ тарихы бар халықтардың мәдени мұрасы Түркі академиясында жүйелі түрде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің негізгі тақырыбы. Зерттеулердің жемісті нәтижелері, дәлелденген тұжырымдары мен жаңа жаңалықтары осы журналда жарияланады.

Құрметті оқырмандар, біздің редакция әр уақытта сіздерден алтаистика, түркология және моңғолистика ғылымдарының маңызды тақырыптары бойынша мақалалар алуға үміттенеді.

Құрметпен, Дархан Қыдырәлі

Back to top button